Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

ЖАҢА ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?


Күнделікті тұрмыста пайда болатын қоқыстың көпшілігі адам денсаулығына зиян екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Мысалы, жарамсыз күйге енген электр лампаларының құрамында сынап бар. Ал, ол сынса,  құрамындағы сынап буланып, сыртқа тарайды екен. «Экологтар да электр үнемдеуіш шам қоршаған ортаға зиян»,- деп еліміздің ғалымдары бұрындары да пікірін айтып, зияндылығын дәлелдеп қойған.

Бұл уақытқа дейін біздің ауданда да күйген, жарамсыз электр лампаларын арнайы жинайтын қоқыс жәшігі жоқ болатын. Яғни, бұл осы күнге дейін лампаларды қоқысқа тастап келдік деген сөз. Ендігі жерде олай жасауымызға әсте болмайды. Себебі, жарамсыз шамдарды жинайтын ауданымызға жүзге жуық жәшік орнатылды. Әр қоқыс жәшігінің қасына орнатылған сары түсті евроүлгідегі қоқыс жәшіктері енді халық игілігі үшін пайдалануға берілді. Ал, елімізде қоқысты кәдеге жарату ісі алға басар емес. Шыны өңдейтін кәсіпорындар шикізатқа зәру. Сондықтан, кез келген тұрғын қоқыс тастау мәдениетін үйреніп, арнайы орынға шам лампаларын бөлек тастауы тиіс. Онда жиналған қоқыс залалсыздандырылып, қайта өңдеуге жөнелтілетін болады.
"Өскен өңір" ақпарат.
06 қаңтар 2018 ж. 2 067 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930