Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кореялық компания Манғыстау облысында қоқыс өңдейтін зауыт салады

Кореялық компания Манғыстау облысында қоқыс өңдейтін зауыт салады

ÐоÑеÑлÑÒ ÐºÐ¾Ð¼Ð¿Ð°Ð½Ð¸Ñ ÐанÒÑÑÑÐ°Ñ Ð¾Ð±Ð»ÑÑÑнда ÒоÒÑÑ Ó©Ò£Ð´ÐµÐ¹ÑÑн заÑÑÑ ÑаладÑ
Оңтүстіккореялық компания Манғыстау облысында қоқыс өңдейтін зауыт салмақ.

Президент Мун Чже Ин сәуір айында Қазақстанға жасаған сапары барысында бұл туралы келісімге қол жеткізілген. Бүгін Қазақстан елшісі Бақыт Дүйсенбаев осы жобамен етене танысты. Зауыт жылына жүз мың тоннадан аса қалдық өңдеуге мүмкіндік береді. Қоқысты 300 градустан жоғары температурада өңдейді. Осыдан кейін жылу және электр энергиясын, сондай-ақ газ шығаруға болады. Бұл технология қалдық қалдырмай, қоршаған ортаға зиян тигізбейді. Жоба құны – шамамен 50 миллион доллар.

Пак Ин Джон, компанияның бас менеджері:

– Біз кез келген қоқыс, тамақ, тұрмыстық немесе медициналық қалдықтарды өңдей аламыз. Қоқыс өртейтін камерада пайда болған газды бойлерге жіберіп, одан бу шығарамыз. Зауыт 3 түрлі табыс әкеледі. Қоқысты өңдеу үшін арнайы қаржы төлейді, ал бу мен электр энергиясын өзге компанияларға сатамыз.

Бақыт Дүйсенбаев, Қазақстанның Корея республикасындағы елшісі:

– Түрлі жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылып отыр. Олардың арасында Қазақстанда лифт шығаратын зауыт салу жобасын атауға болады. Сондай-ақ Қазақстанда автокөлік шығаратын зауыт салу туралы құжаттарға қол қойылады.

24.kz
27 маусым 2019 ж. 890 0