Бала тәрбиесіне басымдық берейік
Бүкіл әлемді әуреге салған пандемияның салдарынан жаңа оқу жылында көптеген өзгерістер орын алды. Қашықтан білім алу ата-анамен балаға үлкен жауапкершілік жүктеуде. Ең бастысы отбасындағы тәлім-тәрие оқушылардың қажетті білім алуына әсерін тигізетінін ойлауымыз қажет.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушы М.Әуезов. Осы орайда еске түсетін жайт, халқымыз ежелден бала тәрбиесіне көңіл бөлген, болмысынан бекзат, тумысынан текті халық. Тектіліктің түп негізінде ұрпақ тәрбиесі, яғни ұлттық тәрбие деген ұғым жатқаны ойға оралады. Бұл ұғым да біз үшін аса қасиетті де қастерлі. Өйткені, біздің ұрпақтарымыз – ата салт-дәстүрімен сусындаған, осы ұлттың тәрбиесімен жетіліп, туған тілімен санасы оянған азаматтар. Халқымыздың қанында жер жүзіндегі басқа халықтарда сирек кездесетін теңдесі жоқ адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қонақжайлылық сияқты адами қасиеттер басым екендігі даусыз. Ерте кезден-ақ әрбір халық балаға тәрбиені оның бесікте жатқан кезінен бастап, халықтық жырлар мен әңгіме, ертегілер арқылы бере бастаған. Олар өскен соң, қоршаған ортаның ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан дала, құла түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап бағыт алып, адаспай кете беретін болған. Жастайынан-ақ есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге ататын мергендігімен танылған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығы болғандықтан, бала 6-7 жасынан-ақ ат құлағында ойнаған. Оқу-сызу өнеріне машықтанбаса да, бір естігенін қалт жібермей жадында сақтайтын құйма құлақ болып, есте сақтау қабілеттері аса жоғары дәрежеде дамыған. Атам қазақ ежелден тәрбие ісінде басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікті үйретуді көздеп басты міндет етіп қойған. Екіншіден, мейірімді болуға тәрбиелеген. Өйткені, мейірімді адам қашанда қайырымды болады. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек бол деп үйреткен. Бұл баланы еңбеккке баулудың алғашқы белгілері. Төртіншіден, адалдық пен шындыққа тәрбиелеу. Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңірген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы, сол арқылы қоршаған ортаны, айналаны сыйлауды басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын ешқашан бетіне баспа деген. Бұл кемшілікті мүлдем айтпау деген ой емес, адамға Алланың салған кемдігін айтпа деген. Сегізіншіден, «Ел намысы – ер намысы» болуы керек. Сондықтан, ел қорғаны – батыр бол, халық алдында адал қызмет ет, бойыңдағы бар талант, күш-жігеріңді халқыңа жұмса, намысшыл бол дегенді санасына сіңірген. Бұл айтылғандар бала тәрбиесі, яғни адам тәрбиесі – тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екенін танытады. Осыны меңзеген әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзінің астарында терең мән жатыр.

А.Жұманазаров,
№251 М.Әуезов атындағы орта мектептің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
№251 М.Әуезов атындағы орта мектептің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары