Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспаханада бапталған бас маман

Баспаханада бапталған бас маман

Жұдырықтай жүрегіне жылулық пен ұлылық ұялаған әйел қашанда өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Ақжаулықтылардың қоғамда, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны ерекше. Олай дейтініміз, әйел – алдымен отбасының ұйытқысы, ең бастысы «ана» деген киелі ұғымның иегері. Әр нәзікжанды өзінше бір әлем. Заты нәзік болғанымен өмірден көңіліне түйгені көп жанның бірі – Күлаш Мырзаева.
Отыз бес жылға жуық аудандық «Өскен өңір» газеті редакциясында еңбек етіп келе жатқан К.Жұмабекқызы алғаш еңбек жолын баспаханадан бастайды. Одан соң газет жанындағы радио дикторы, жарнама, компьютер бөлімдерінің маманы, беттеуші-дизайнер қызметтерін атқарған ол, бүгінде редакцияда бас маман болып абыройлы еңбек етуде. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді өмірлік ұстанымына айналдырған ол, ұжымдағы әр жас маманға анасындай қамқорлық танытып, білмегенін үйретуден жалыққан емес.
Білікті маман, аяулы әріптес, ардақты ана, немерелерінің сүйікті әжесі бола білген Күлаш Жұмабекқызын күлімдеген көктем мезгілімен қатар келген мерейлі мерекемен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!

09 наурыз 2020 ж. 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031