Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайсар қыздарға құрмет

Қайсар қыздарға құрмет


Тіршілік атаулыға жан бітіретін көктемнің күлімдеген күндерімен бірге келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні нәзік жандыларымыздың төл мерекесі. Осы мерекенің себепкері болатын ардақты аналар, құлпырған қыз-келіншектер әркез ер азаматтарымыздың аяулы алақанында болмақ.


Ауданымызда еңбегімен ерлік жасаған 41 Социалистік Еңбек Ері бар болса, оның ішінде ер азаматтармен бірге қалыспай қажырлы еңбек еткен Ұлбала Алтайбаева, Шырынкүл Қазанбаева, Закира Ержанова, Жадыра Таспамбетова, Айша Меңлібаева, Ұлман Мәмреева сынды ардагер аналарымызды айтуға болады.
Облыс бойынша Ішкі істер органдарында 142 қыз-келіншек қызмет атқарады. Ал, аудандық полиция бөлімінде 17 қыз-келіншек жеке құрам арасында ер жігіттермен бірге иық тіресіп, халықтың тыныштығын сақтауда абыройлы қызмет атқарып келеді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елдің тыныштығы мен тәртібін күзетіп жүрген бұрымдыларымызды аудандық полиция бөлімінің бастығы С.Тоқтыбаев мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.
– Әйелдердің біздің өміріміздегі орны ерекше. Құқық қорғау саласында өздерінің адамгершілік, нәзік және инабаттылық қасиеттерімен ауыр да абыройлы қызметімізге, жанұяларымызға береке мен жылы сезімді толықтырады. Әрқайсыларының бойларынан табылатын аналық, жылулық пен мейірімділік, сұлулық пен нәзіктік қасиеттері бәрімізге әрқашан күш-жігер мен рухани дем береді. Шиелі ауданының Полиция бөлімінің жеке құрамының және өз атымнан бүгінгі күні ауданымыздың барша әйелдер қауымын, аяулы аналарымызды және әріптес қыз-келіншектер мен қарындастарымызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні»мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! – деді Әбдімәуленұлы.

«Өскен өңір» ақпарат.

07 наурыз 2019 ж. 2 027 0