Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқауда бағы жанғандар

Байқауда бағы жанғандар

Сәрсенбі күні аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Туған өлке табиғаты» атты фото байқау өтті. Байқауға аудан мектептеріндегі 5-8 сыныптардан 16 оқушы қатысты. Сурет сайысының негізгі мақсаты – жас өрендердің танымдық қабілетін шыңдап, туған өлке табиғатын таныту.

Жарысқа қатысқан жеткіншектерге аудандық жастар ресурстық орталы­ғының кеңесшісі Ш.Мадиярова, бі­лім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскерлері А.Шәденов, А.Иляджиева, ҚР суретшілер одағының мүшесі Р.Ибраев және «Өскен өңір» газетінің фото тілшісі Б.Бәйімбет қазылық етті.
Сайыс нәтижесі бойынша №127 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Диас Тұяқбай І орынды иеленді. Ал №41 орта мектептің білім алушысы Лана Ерболатқызы және №241 орта мектептің оқушысы Айдар Нұрөмір ІІ орынды жеңіп алды. ІІІ орын №270 орта мектептің оқушысы Бақнұр Үйсінбай, №149 орта мектепте білім алушы Азамат Байсалбаев, №251 орта мектептің оқушысы Жанерке Серікке бұйырды. Байқауда бағы жанғандар дипломмен марапатталды.


М.БОЛАТҚЫЗЫ

29 ақпан 2020 ж. 1 020 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31