Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім алған мектебіне демеушілік көрсетті

Білім алған мектебіне демеушілік көрсетті


Тәуелсіз елдің әрбір аймағында, әрбір өңірінде өзінің сара жолымен елге, халыққа сіңірген еңбегімен өскелең ұрпаққа үлгі болатын тау тұлғалы азаматтар жетерлік. «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде жуырда осы мектептің түлегі «EDTECH – KZ» халықаралық білім орталығының бас директоры, психология ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының вице-президенті Ғани Бейсенбаевпен кездесу кеші өтті.

Елінің болашағы мен халқының кемел келешегі үшін талмай қызмет етіп, саналы ғұмырын осы жолға арнаған бірегей тұлғалардың жүрген жолында елеулі із қалары анық. Ғ.Бейсембаевпен бірге әнші, өнертанушы, режиссер Ерлан Төлеутай, шәкірттері «Қазына» кітап сауда үйінің директоры Алмас Шайкен, жас қазақ миллионері, «Мой дом» компаниясының президенті Нұржас Орынбасар, эстрада жұлдызы Айбат Жанғалиев, тележурналист Бақтияр Рымжанов, телеоператор Абылайхан Жәнібекұлы келді. Мектеп оқушыларымен кездесу 2 бөлімнен тұрды. Біріншісі мектепшілік Абай оқуларынан байқау өткізді. Байқауға «Қарекет» бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбек демеушілік жасады. Байқауға 5-11 сынып оқушылары арасынан 19 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша, І орынды 9 сынып оқушысы Таңшолпан Қойшыбайқызы, ІІ орынды 7 сынып оқушысы Айшолпан Мейрамхан, ІІІ орынды 11 сынып оқушысы Ерқанат Төлешов иеленді. Жүлделі орындарға Б.Құранбек арнайы Алматыдан сыйлықтар жіберіп байқауға белсенді қатысқан оқушыларды да құр қалдырмады. Ал екінші бөлімде Ғани Бектайұлымен кездесу кеші өтті. Кешке білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова, білім бөлімінің әдіскері Ә.Тажиева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Достиярова, ардагер ұстаздар, сыныптастар, мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты. Кеш барысында Ғани Бектайұлы ізгі тілегін жеткізіп, мектепке қажетті заттарға демеушілік жасаған достарына алғысын білдірді. Шара соңында білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов пен мектеп директоры Ж.Жанаділова сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғыстарын айтты.


Ж.Ноғайбайқызы
07 мамыр 2019 ж. 2 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930