Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда оқушы қыз мектеп ішінде газ шашқан 

Оралда оқушы қыз мектеп ішінде газ шашқан 

Полицейлер Оралдағы №40 орта мектепте газ баллонын ашқан оқушының кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Құқық қорғау органы өкілдерінің мәліметінше, баллонды ашқан қыз осы мектептің оқушысы. Оның неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз.  "Оралда №40 орта мектепте белгісіз нәрседен уланған оқушыларға қатысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде осы мектептің оқушысы бұрышталған баллонды сепкені анықталды. Бұл іске қатысты ҚР ҚК 293-бабы 1 бөлігіне (Бұзақылық) сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.  Мұның алдында Оралда 300-ге жуық оқушы белгісіз газдан уланғаннан кейін эвакуацияланғаны хабарланған. Оқу орнынан бес оқушы мен бір мұғалім ауруханаға жеткізілді. 
Kaz.tengrinews.kz
08 қазан 2018 ж. 1 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930