Ұшқыр ойлы ұстаздар

Тәжірибе алаңында қатысушылар сайыстың бірнеше түрі бойынша марапатталды. Оның ішінде аудандық білім бөлімінің химия-биология пәнінің әдіскері Арман Шәденов шахматтан үздік ойын көрсетіп, II орынды иеленді. Ал №47 М.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің ұстазы Сәуле Нұрмановаға «Идеялар аукционы» және «Кәсіби көрме» сайыстары бойынша III орын бұйырды. №40 А.Қыраубаева атындағы орта мектептің ұстазы Жанар Үкібаева «Үздік әлеуметтік педагог – 2020» номинациясы бойынша I орынды жеңіп алды. №49 орта мектебінің мұғалімі Шыңғыс Құдайберген өзінің сөз саптауымен айрықша көзге түсіп, ақындар айтысы бойынша I орынды иемденсе, кәсіби көрме арасынан ұшқыр идеясымен ерекшеленген №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің ұстазы Раушан Баканова II орынды жеңіп алды. Ал №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептен Анар Қордабаева «Үздік бейне – 2020» номинациясы бойынша III орынға ие болса, №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінен Қазбек Түгелбаев өзін әзіл әлеміне жақын екендігін дәлелдеп, жайдарман ойындары бойынша I орынмен оралды. Сонымен қатар №142 орта мектебінің мұғалімі Айдос Ембергенов алғыс хатпен марапатталса, «Құрмет грамотасы» №142 орта мектептен Бауыржан Көшербаевқа, №148 қазақ орта мектебінен Ақылай Дүкенбаеваға, №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің ұстазы Мухамбетжан Майлыбаевқа бұйырды.
Тарихта тышқан жылы берекелі жылдардың бірі екендігі белгілі. Жыл басында жеңістің тұғырынан көрінген шиелілік ұстаздар да жаңа жылды табысты бастады.
Фариза КЕНЖЕШОВА