Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпақ тәрбиесі ұлы іс

Ұрпақ тәрбиесі ұлы іс

«Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады» деген Елбасының сөзі жайдан-жай айтылмаса керек. Себебі мемлекеттің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыратын адам болса, сол адамды жақсы қасиетке баулитын, адамзат етіп шығаратын, білім мен тәрбиенің тал бесігі балабақшадан бастау алады. Осы бесікті тербетіп, ақылын аямайтын, шәкіртін аялайтын ұстаздар десек жалған болмас.
«Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары. Ұстазға құрмет – білімге құрмет көрсету. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Сондай-ақ Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, ұжымға сыйлы, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген, педагогикалық ұйымдастырушылық қабілетімен бағаланып, «Бейбітшілік Әлемі» Президенті ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, БҰҰ «Халықаралық Адам құқығын қорғау комитетінің» Президенті А.Нұрманов және құрметті профессор Г.Иманованың марапатына ие болған КМҚК «Жадыра бөбекжай-бақша» әдіскері Эльмира Сыздықова «Лидер образования» медалімен және құрмет грамотасын иеленді. Бұл ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесінің жемісі деуге болады.

«Өскен өңір» ақпарат
31 желтоқсан 2019 ж. 670 0