Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Менің атам желтоқсаншы

Менің атам желтоқсаншы

Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше мереке. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың мейрамы. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасы еліміздің еркіндік алуына себеп болды. Сол кезде біздің ата-әжелеріміз алаңға шығып, ұлттық мәселені талап еткен болатын. Олардың қатарында менің атам Әнуар Жахаев та бар болатын. Атам ол кезде студент еді. Өзінің айтуы бойынша, дос­тарымен бірге алаңға шығып, қазақ елінің дербес мемлекет болуы үшін ештеңеден қорықпаған. Одан соң атамды оқудан да шығарып жіберген. Қазір ол «Волковгеология» АҚ филиалында жұмыс істейді.
Осындай ата-апаларымыздың ерлігімен келген тәуелсіздікті әр азамат мақтан тұтады. Ал егемен елде тұру – мен үшін шынайы бақыт. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған еркін елміз. Тәуелсіздіктің көк туының желбірегеніне де, міне, 28 жыл толды. Мен тәуелсіз елдің тұрғыны болғаным үшін көкірегімді қуаныш кернейді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін.
Ренат Дастанұлы,
№46 А.Пушкин атындағы мектеп-лицеінің оқушысы
14 желтоқсан 2019 ж. 1 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31