Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСУ

ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСУ


Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы «Желтоқсан» оқиғасының қатысушыларымен кездесті. Салтанатты кездесуге 20-ға жуық желтоқсаншы мен аудан ардагерлері қатысты.
1986 жылы желтоқсанда Алматы қаласында көпшілікпен бірге алаңға барғаны үшін жалаға ұшырап, жапа шекендердің қатарында Шиелінің 30-дан аса азаматы болған деген деректер кездеседі. Олардың барлығы сол бір дүр сілкіндірген толқудың кезінде оқудан шығарылып, партия қатарынан шектетілгендер. Тіпті, кейбірі жазықсыз абақтыға да қамалған екен. Жиында желтоқсаншылардың атынан Ақтай Рыспамбет пен Роза Омарова сөз алды. Бүгінде елуді алқымдаған аға-апалар сол бір зұлмат кезеңнің артта қалғанына шүкіршілік етіп, тәуелсіздіктің баянды болғанын тіледі.
Аудан басшысы жиынға қатысушыларға арнайы төсбелгілер мен алғыс хаттар табыстап, мерекемен құттықтады. Кеш өнерпаздардың ән шашуларымен жалғасын тауып, көпшілік естелік суреттерге түсті.

«Өскен өңір» ақпарат.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 944 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031