Тәуелсіздіктің туы құламасын
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Осы жолда қаншама ата-бабаларымыз тер төкті, ұлымыз құл, қызымыз күң болмасын деп қиын күндерді өткізді. Еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз.
Қалай десек те, Тәуелсіздігіміздің арқасында Қазақстан қарыштап дамыды, барлық жағынан ел абыройы әлемге асқақтады. Шет елден миллионға жуық қандастарымыз көшіп келді. Тәуелсіздік болмаса, олар қалай көшіп келер еді? Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік саясатта, экономика мен өмірдің өзге де салаларында өзіндік орны мен күші бар мемлекетке айналды. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИКҰ сияқты көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі, тіпті төрағалық та етті. Осының барлығы да – Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз. Ендеше, алақанда аялаған Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Көркем Мырзабаев,
«Семізбай – U» «Иіркөл» филиалында еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы