Теңдесі жоқ тарихи күн
Уақытпен жылжып Тәуелсіздік мерекесі де келіп қалды. Тәуелсіздік күнінің орны ерекше. Бұл еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн.
Міне, Тәуелсіз ел болғанымызға биыл 28 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде талай белестерді бағындырғанымызды ой елегінен өткізіп көрдік. 28 жыл тарих үшін соншалықты зор кезең болмағанымен, осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылғаны көрініп-ақ тұр. Барша қазақ халқы үшін қасиетті дербестіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дініміз бен ділімізді қайта оралттық. Елдігіміз айшықталып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Енді осы асылдарымызды бағалап, оларды қастерлеу ұрпақтарға жүктелетін міндет. Ең бастысы, қаншама халықтың арманынан іргетасы сапалы қаланған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, тұғырлы тәуелсіздігін сақтап тұру, әсте, парыз. Тәуелсіздіктің тамыры да, мағынасы да тереңде. Бүгінгі тамаша, шуақты күндеріміздің түкпірінде ғасырлардың қой-науынан менмұндалаған бабалар арманы, ақтабан шұбырындының қасіреті, бодандықтан жапа шеккен халықтың мұң-зары, 86-ның желтоқсанында азаттық үшін шырқыраған қазақтың қыз-жігіттерінің жанайқайы, елжанды ерлердің маңдай тері мен абзал аналардың ақжарма тілегі жатыр. Тәуелсіздіктің әрбір таңында өткенімізге үңіліп, бүгінгімізді бағамдап, болашаққа деген зор сенімді үкілемек керек.

Алтыншаш Сейділдаева,
№148 орта мектебінің
бастауыш пән мұғалімі