Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жеріне тағзым жасаған ағалар

Туған жеріне тағзым жасаған ағалар


1947-1950 жыл аралығында Қалмақан Әбдіқадыров «Мың бір түн» кітабын жазып, қаламақысына кіндік қаны тамған Сыр бойына яғни, «Қызыл жыңғыл», «Таштоп» деген жерге «Қызыл Отау» кітапханасын соқтырды. Өзі өмір бойы жинаған, сатып алған кітаптарын сол жерге «Қызыл Отауға» берген.
Аудан басшыларынан рұқсат алып соқтырған «Қызыл Отау» кітапхана басына, Алматыдағы жанұясына көшіп келу керектігін айтқанда әйелі, бала-шағасы келуге қарсылық білдіргеннен соң ажырасып, Шиеліге келіп екінші рет үйленіп, «Өскен өңір» ол кезде «Стахановшы» газетінде қызмет етті. Аудандық газетке еңбегі сіңген Мәді Молдыстамов және Қалмақан Әбдіқадыров ағаларымызға «Өскен өңір» газетінің редакторы болған Алтай Айып кіреберіс бетіндегі қабырғаға көк мрамордан ескерткіш орнаттырды. Қалмақан ағамыздың түпкі мақсаты – Алаштың анасы болған Сырдария өзенінің жағалауында отырған малшы-сиыршы қарапайым еңбек адамдарының балаларының білімін ашу болатын. Қалмақан ағамыз сол 1950 жылдары «Туған жерге тағзым» аясында еңбек еткен кісі. Рухани жаңғыруды ауданда бірінші болып бастаған дер едім, сол мақсатына жеткен деп ойлаймын. Сол жердегі 4 жылдық мектепте Жетпісбай, Мейрам (Айсман) тағы басқа малшы балдарымен бірге «Қызыл Отау» кітапханасынан Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббатын» алып оқитын едік. Кейіннен ол жерге «Қарғалы» совхозы орнап, мектеп соғылып, Қалекеңнің кітаптары мектепке берілді. Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», жазушы Ағайдар Ысымов Қалмақан ағамыздың кейбір кітаптарын апарып кітапханадан бір бөлме – бұрыш жасап жайғастырды. Сол мектептің аты Қалмақан Әбдіқадыров атына берілді. Туған жерге тағзым аясында Шиелі ауданының ардагер азаматы Әбулайс Шілманов ағамыз 1995 жылдары Алматыдағы жанұясын тас­тап, Шиеліге кіндік қаны тамған жерге келіп үйленіп, Мұса, Иса деген ұлды болып, ауданда бірінші болып адвокаттық кеңсе ашып, Шиелі халқына әділеттіктің заңдарын үйретті. Шілманов ағамызға Шиелі кентінен көше берілді.
Сөзімнің соңында айтарымыз. Ел үшін еңбек еткен ерлерді елі ұмыт­пай­ды. Қайта ұлықтап, төбесіне көтеріп, ардақтап өтеді. Жоғарыда жаз­ған екі кейіпкеріміз бұл сөзіміздің дәлелі болмақ. Сондықтан, сыртта жүр­ген, елдегі беделді азаматтарымыз Елбасының «Туған жер» бағдарламасы негізінде осында келіп, ауылдағы аға­й­­ын­ның жағдайына қарап, жоғын түгендеп, көмек қолын созып, туған ауы­лын түлетсе, ағайын-жұрт оны да ардақтап өтеді. Қазақта сөз бар ғой, «Ғалымның хаты, жақсының аты өл­мейді» – деген. Мынау қысқа ғана өлшеулі өмірімізде артымызда жақсы ат, жұрт жадында жағымды пікір қалғанға не жетсін.
Әбдішүкір БАТЫРБАЕВ,
кент ардагерлер ұйымының төрағасы.
20 ақпан 2018 ж. 2 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031