Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуаныш сыйлаған кеш

Қуаныш сыйлаған кеш

Әр баланың бойында бір өнер бар. Қарым-қабілеті мен құштарлығын ұштап, өмірге сүйіспеншілігін ояту мақсатында Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Берекелі күз» атты іс-шара өтті.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан шеттетпей, ән салып, ­билеуге баулып, білім-білігін арттыру жолында С.Аширова, Н.Абдумашикова, З.Кеншінбаева, Ж.Күлекеева, Б.Сариева, Ж.Жақсылықова, А.Күлекеева сынды әлеуметтік қызметкерлер үздіксіз жұмыс істеп келеді. Балалардың қарым-қатынасындағы қиындықтарды ойын арқылы түзету, ой-өрісін дамыту секілді түрлі тәсілдерді тәжірибесіне енгізген әлеуметтік қызметкерлер әр баланың ерекшелігін жақсы біледі. Шара барысында түстер мен жеміс-жидектердің атауын ажыратып, есте сақтау қабілетін дамытатын түрлі психологиялық ойындар ойнатылды. Қызмет алушы Д.Аманбай, А.Жанайдар, М.Ли, С.Сейтжанов, Е.Нұралы, А.Әлжанова, А.Жанайдар, И.Байдулдаева, А.Айдарханова, А.Мейірбеков, Н.Әбдіхалық, Ә.Қалжан, Т.Талғатұлы, А.Досболова, Г.Досболова, Қ.Сейтжановалар жыл он екі айдағы құбылыстарды атап, шығармашылық қабілеттерін танытты. Балалардың көңіліне қуаныш сыйлауды мақсат тұтқан шараға «Ақсауле», «Мега шоп», «Арзан» ­сауда дүкендерінен С.Тынысбеков, А.Бағаров, Б.Жанабаев және «Дәмді» асханасының басшысы Д.Асқарбекұлы демеушілік жасады. Атымтай жомарт жандардың бір ісі бірнеше отбасына қуаныш сыйлап, балалардың өмірге деген құштарлығын оятуға себепкер болды.

Сапаркүл Мауенова,
әлеуметтік қызметкер

05 желтоқсан 2019 ж. 624 0