АРМАНСЫЗ КҮНІМ БОЛМАЙДЫ

Балаларға арман-мақсатына жету үшін адам бойына ізгілік пен адалдық, еңбекқорлық қасиеттерін сіңіруі қажеттігін мақсат еткен шараны балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері Палымкүл Жұмабаева, Тамара Жұмашева, Бақтыгүл Өтебаева, Ақкенже Омарова, Бибігүл Балжігітовалар ұйымдастырды.
Кеш барысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Жандос Абенов сөз алып, достық пен татулықтың, ынтымақ пен бірліктің арқасында бейбіт өмір сүріп жатқан балаларға ырыс-несібесі артып, армандарына жетулерін тіледі. Сондай-ақ шарада белсенділік танытқан үйден әлеуметтік қызмет алушы балаларды мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапаттады.
А.ДҮЙСЕНБАЙ.