Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпараттар легі

Ақпараттар легі

8 қараша күні «Береке» сауда орталығында аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Адал жастар – болашақтың кепілі» тақырыбында акция өтті.
Акцияның негізгі мақсаты жастарды патриоттыққа, адалдыққа тәрбиелеу болып табылады. Шара барысында аудан өнерпаздары патриоттық ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түс ауа аталған қордың ұйымдастыруымен Жуантөбе, Ақмая ауылдары халқымен «Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Дінмұхамед Марданаев пен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Нысанбай Нақып қатысты. Кездесуде қатысушылар арасында пікір-алмасу, сұрақ-жауап жүргізілді.
***
Жуырда Ақмая ауылдық кітапханасында Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауының бағыт-бағдарына арналған дөңгелек үстел өтті. «Президент жолдауы – дамудың асыл арнасы» атты жиында ауылдық клубтың меңгерушісі Алмат Қалекеев Мемлекет басшысының мәдениет қызметкерлеріне үлкен сенім артып, зор қолдау білдіріп отырғанын тілге тиек етіп, әріптестерін мәдениет саласының дамуына аянбай еңбек етуге шақырды. Жиынға ауыл ардагерлері, тұрғындары мен мадениет кызметкерлері қатысты.
12 қараша 2019 ж. 1 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031