Жат ағым жолдан адастырмасын
Жуырда ішкі саясат бөлімі мен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мемлекеттік мекеме ұжымдары қатысқан жиын болып өтті. Аудандық орталық мешітінің наиб имамы Ержан Пірімбетов, ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Дінмұхамед Марданаев және «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қорының теолог маманы Нысанбай Нақыптың қатысуымен өткен кездесу «Қоғам күштері – экстремизмнің алдын алу» тақырыбын қозғады.
Адамзаттың барлығын бауырым деп сүюге насихаттайтын асыл діннің атын жамылған, қой кейпіне енген қасқырлар көбейген мына заманда аталмыш шара қоғам үшін пайдалы. Әлемнің 2 млрд.-тан аса халқының наным-сенімі ислам дінімен тікелей байланысты. Қазіргі таңда төрткүл дүниені алаңдатып отырған діни экстремизм жайында пікір алмасу, сұрақ-жауап түрінде өткен кездесуге мекеме, бөлім қызметкерлері қатысты.
– Өзге ағымды ұстанып, ұлттық салт-дәстүрді жоққа шығаратын сенім өкілдері түбегейлі тура жолға бет бұрып, ақиқатты тапты дей алмаймыз. Елімізде уахабилік, сәләфилік ағым өкілдері жастар арасында көптеп кездеседі. Аят-хадистерді тікелей түсініп, мағынасына үңіліп жатпайтын керағар дін өкілдері өздерін алғашқы Пайғамбар уақытындағы мұсылмандардың жолын ұстанатынын айтып, жекелеген адамдардың идеясын насихаттап жүргендер, – деген наиб имам Е.Пірімбетов біраз пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Назерке СЕРӘЛІҚЫЗЫ