Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналардың рухани астанаға сапары

Аналардың рухани астанаға сапары


Өткен апта соңында «Шиелі ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданның ардагер аналары екінші Мекке атанып кеткен қасиетті мекен – Түркістан қаласына сая­хаттап қайтты.
Ардагер аналарды аудан әкімінің орынбасарлары Тұрмағамбет Жағыппаров пен Болат Ысмағұлов ақ жол тілеп, шығарып салды. Жолсапардың негізгі мақсаты – жергілікті әйелдер кеңестері жұмысын дамыту және отбасы, неке құндылығын насихаттау болатын. 32 жыл Гигант ауылдық округі әкімдігінде еңбек еткен Райкүл Көшекқызы сапардан рухани азық алып қайтатынын айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Осылайша 45-ке жуық ақ жаулық ана еліміздің рухани астанасына айналған мекенге барып, жан азығын молайтып қайтты. Жалпы мұндай сапарлар өңірде жиі ұйымдастырылып тұрады. Еселі еңбегімен елдің дамуына үлес қосқан ардагерлер осы уақытқа дейін ­республика бюджетінен саяхатқа шығып келеді. Ал бұл жолғы шара қарттар күнімен тікелей байланысты.

«Өскен өңір» ақпарат
08 қазан 2019 ж. 480 0