Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагер-аналар Түркістанда

Ардагер-аналар Түркістанда

Бүгін "Шиелі ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданның ардагер аналары Түркістан қаласына сапарға шықты. Жолсапардың негізгі мақсаты - жергілікті әйелдер кеңестері жұмысын дамыту және отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау. Ардагер аналарды аудан әкімінің орынбасарлары ақ жол тілеп шығарып салды. Ал 32 жыл Гигант ауылдық округінде еңбек еткен Райкүл Көшекқызы ұйымдастырушыларға алғыс айтып, сапардан рухани азық алып қайтатынына сенім білдірді.
Еліміздің рухани астанасына айналған мекенге 45-ке жуық ақ жаулық ана бара жатыр. Жалпы мұндай рухани сапарлар біздің өңірде бірінші рет емес. Еселі еңбегімен елдің дамуына үлес қосқан ардагерлер осы уақытқа дейін республика бюджетінен саяхатқа шығып келеді. Ал бүгінгі шара қарттар күнімен тікелей байланысты.
"Өскен өңір"ақпарат 
04 қазан 2019 ж. 1 038 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930