Жұмысым денсаулыққа пайдалы
Оқырманды, жалпы халықты мазмұнды ақпаратпен сусындатуда өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жандардың бірі – Қаракөз Мұсаханова. Ол 1980 жылы Ә.Тәжібаев ауылында өмірге келген. Балалықтың бал күндерін туған ауылында өткізгеннен кейін, 2003 жылы аудан орталығына келін болып түседі. Содан екі жылдан кейін, яғни 2005 жылы «Қазпошта» АҚ аудандық филиалына тасымалдаушы жұмысына тұрады. Ол жерде табан аудармастан 13 жыл еңбек етеді. Талай жанның жүрек сыры жазылған хаттары мен сағына күткен сәлемдемелері жұртшылыққа Қаракөз Жұмаханқызы арқылы жетеді. Ал бір жылдан кейін ол тікелей газет тасымалдаумен айналысады. Бір күнде 600-ден аса газетті арқалап жүріп таратады. Кейде кеш қарайғанша қалып қоятын жайттар да кездеседі. Алайда, Қ.Мұсаханова өз жұмысының көлеңкелі тұсын емес, күнгей жағын көріп әдеттенген. Сондықтан қызмет барысында қабақ шытып немесе шаршауды өзіне жат көреді.
– Газет тасымалдаудың пайдалы тұстары баршылық. Мәселен, біз газет таратып жүргенде талай адаммен танысамыз. Көпшілікпен жақсы қарым-қатынас орната білеміз. Ал екінші жағынан бұл жұмыс денсаулыққа оң әсерін тигізеді. Талай жерді жаяу жүргендіктен әрқашан сергек әрі ширақ болып жүреміз, – дейді тәжірибелі тасымалдаушы.
Қаракөз Мұсаханова – бүгінде бес баланың анасы. Ол үй мен түздің тірлігін қатар алып жүрген келіншек. Қыруар тірлікпен айналысып жүрсе де, шаңырағындағы шаруаны естен шығарған емес. Күн райына және уақытқа бағынбайтын жұмысы отбасы ұйытқысы болуына еш кедергі келтірмейді. Керісінше балаларының кез-келген істі тиянақты әрі абыройлы атқаруына үлгі болып жүр.
Маржан БОЛАТҚЫЗЫ