Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірінің соңына дейін күткен

Өмірінің соңына дейін күткен



Суретте әлемге әйгілі ит Хатико. Адамдардың адал досына айналған бұл ит 1923 жылдың қараша айында дүниеге келген. Туылғаннан кейін оны Токио университетінің профессорына сыйға берген. Ал енді мына әңгімеге назар аударыңыздар. Егесі әр таң сайын жұмысқа кететін болған. Хатико өз егесін Сибуя бекетіне дейін шығарып салып жүрген. Сағат 15:00-де аталған бекетте егесін күтіп алады екен. Арада бір жыл өтсе де ит өз егесін күтпеген күні болмаған. Алайда 1925 жылдың мамыр айында Хидэсабуро Уэно жүрек талмасынан көз жұмады. Сол күні Хатико егесін көп күтеді, алайда егесі оралмайды. Туысқандары итті тастамай, уақытында тамақтандырып отырған.
Хатико сонда да егесін күтуді тоқтатпай, күнделікті уақытында бекетке баратын болған. Итті сол жердегі теміржол жұмысшылары, сатушылар білген. Бұл адал дос туралы 7 жылдан соң 1932 жылы газет беттерінде мақала жарық көрді. Ит өмірінің соңына дейін Хидэсабуро Уэноны күткен. Осылай 1934 жылы өлген. Сол жылы тұрғындар Хатикоға арнап ескерткіш орнатты. Алайда соғыс кезінде ескерткіш қирап қалып, соғыстан кейін қайта тұрғызылған.
Massaget.kz
02 қаңтар 2019 ж. 1 543 0