Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерім – асқар белім

Ардагерім – асқар белім

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан тұжырымдамасында атап көрсеткендей, білім мен тәрбиесі үндескен, ұлттық идеологияның темірқазығына айналған табысты ел болу үшін шәкірттерін жаңа белестерді бағындыруға, білім мен білік додасында алға деген ұмтылыстар мен бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу ұстаздар қауымының мақсаты мен міндеті екені даусыз. Ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың қосар үлесі орасан зор.
«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрсін ұғынып» деген мақсатты алдына қоя отырып, қазан айының алғашқы күндері Қарттар мен Ұстаздар мерекесі тоғысқан сәтте М.Пернеев басшылық жасайтын №156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінде «Ардагерім – асқар белім» тақырыбында тағылымы мол іс-шара өтті. Мерекелік шараны ардагер ұстаз, ҰОС ардагері, ауыл ақсақалы, ізінен ерген ұрпағына ұлылылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз болған Сәрсенбек Байжанов атамыз өзінің ақ тілегімен бастады. Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектерінің арқасында зейнетке шыққан ардагер ұстаздардың ыстық лебіздері мен «Нартай сазы» халық ансамблінің мерекелік жыр-шашулары шараны қыздыра түсті.
Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сездіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өткен шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері ардагер-ұстаздарды мектеп басшысы М.Пернеев төл мерекелерімен құттықтап, еңбек жолдарының көпке үлгі, өнеге екендігін айтып өтті.

М.Дулатова, М.Ермекбаева,
№156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі директорының орынбасарлары
05 қазан 2019 ж. 871 0