Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала өлімі: Өгей әкені адам өлтіргені үшін соттайды

Бала өлімі: Өгей әкені адам өлтіргені үшін соттайды

Баланы ұрған адамның ісі адам өлтіру бабына ауыстырылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы полициясының хабарлауынша, қазір күдікті қамауда отыр. «Қазіргі таңда оған қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 106-бабынан 99-бабына ауыстырылды. Бұл жантүршігерлік оқиға 23 қыркүйекте болған. Полицияға 16:00-де ауруханадан хабарлама түсті. Ер адам оқиғаның ізі суымай ұсталды»,- деді Алматы полициясынан. Ал өгей әкесінен таяқ жеген бала есін жимастан ауруханада көз жұмды.
«2 жастағы бала тым ауыр жарақат алуына байланысты жансақтау бөлімінде қайтыс болды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
 Полиция ең алдымен баланың 34 жастағы өгей әкесінен жауап алған. Басында ол бала құлап қалды деген уәж айтты. Кейіннен тергеу материалдарының нәтижесінде ұлды өгей әкесінің ұрғаны анықталды. Белгілі болғандай, баланың анасы ол кезде жұмыста жүрген. Жылаған баланы жұбата алмаған өгей әкесі ұрып-соққан. Ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрған. Осыдан 1,5 ай бұрын Алматы облысынан қалаға көшіп келіп, «Көкқайнар» шағынауданында тұрып жатқан.

03 қазан 2019 ж. 774 0