Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Денелерінде пышақ іздері бар": Түркістан облысында өгей ана балаларға жәбір көрсетті деп күдіктелуде

"Денелерінде пышақ іздері бар": Түркістан облысында өгей ана балаларға жәбір көрсетті деп күдіктелуде



Түркістанда облысына өгей анасынан жәбір көрген балаларға қатысты жантүршігерлік фактілер анықталды. Әйел адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды Білім және ғылым министірлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Түркістан облысында ауыл мектебінің мұғалімдері оқушылардың денелерінде ісіктер мен ұрып-соғудың іздерін байқап, полиция қызметкерлерін шақырған, кейін АІІБ-і тарапынан қылмыстық іс қозғалған.
Балаларды жәбірлеген әйел бірден полицияға жеткізілген.
"Өгей анасы балаларын ұрып-соққан, денелерінде пышақ іздері бар. Аталған іс Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Білім және ғылым Министрлігі тарапынан бақылауға алынып отыр. Аталмыш факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабардар етті ведомстводан.
Осы орайда Білім және ғылым министрі К.Н.Шамшидинованың тапсырмасымен Түркістан облысына министрдің кеңесшісі Раиса Шер жедел түрде аттанған.
Түркістан облыстық білім басқармасының ақпаратына сәйкес соққыға жығылған оқушы үйіне жіберілмей, туған апасына жеткізіліп, қазіргі таңда толық қауіпсіздікте.
Қазіргі таңада ата-ана құқығынан тек өгей анасын ғана емес, сондай-ақ әкесін де айыру жөніндегі сұрақ қарастырылуда.
Полицияның мәліметінше, аталған факті бой қылмыстық іс қозғалған.
"Әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралып, Жетісай ауданындағы бір отбасында орын алған өгей анасының қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақаттарын салу арқылы зорлық көрсеткен жайты құзырлы органдармен анықталған.
Бұл жайт Жетісай АПБ-де тіркелді. ҚР ҚК 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге шектеу шарасы қолданылады. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған. Бұл жайт Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің және облыс прокурорының бақылауында", - деп атап өтті ПД.
Сонымен қатар Түркістан облысы ПД Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 147-бабы "Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ескертеді.

ДЕРЕККӨЗ: nur.kz

18 сәуір 2019 ж. 1 070 0