Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұялы телефонның қуаттағышынан қайтыс болды

Ұялы телефонның қуаттағышынан қайтыс болды

Алматы облысында ұялы телефонын қуаттап ұйықтаған оқушы мерт болды. Дәрігерлердің сараптамасы бойынша баланы тоқ соққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылында болды. Марқұм болған қыз бала 9-сыныптың оқушысы. Анықталғандай, А. А есімді оқушы ұялы телефонын зарядтау үшін тоққа қосып, ұйықтап қалған. 28 қыркүйек күні таңертең баланың көз жұмғаны белгілі болды. Алматы облыстық Полция департаментіндегілер қайғылы оқиғаны растады.

«Оқиғаны растаймыз. Баланың денесінде қинап өлтіру белгілері жоқ. Дәрігерлердің сараптамасы бойынша, жасөспірімды тоқ соққан. Тергеу жұмыстарын Қаратал аудандық Полиция бөліміндегілер жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.
30 қыркүйек 2019 ж. 1 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930