Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау облысында жеткіншекті ат тепті 

Маңғыстау облысында жеткіншекті ат тепті 

ÐаңÒÑÑÑÐ°Ñ Ð¾Ð±Ð»ÑÑÑнда жеÑкÑнÑекÑÑ Ð°Ñ ÑепÑÑ

Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарған, науқас ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Маңғыстау облысында 13 жастағы баланың бетіне ат тепті, деп хабарлайды Zakon.kz. Жапа шеккен жеткіншектің жағдайы туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев айтып берді. «2019 жылы 26 наурыз күні Маңғыстау облысының балалар ауруханасына Түпқараған ауданына қарасты С.Шапағатов ауылынан «ауыр ашық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен шұғыл түрде 13 жастағы бала түсті. Маңдай қуысы мен сол жақ орбитаның медиалды қабырғасы жарылған. Миы қатты жарақаттанған. Мұрынан қан кеткен. Мұрын сүйегі сынған. 2-3 дәрежелі шок алған. Ауыр дәрежелі қансыраудан болатын анемия». Баланың ата-анасының айтуынша, ол жарақатты аттан құлап түсіп, артынша оның тебу нәтижесінде алған көрінеді», - деді Азамат Сәрсенбаев.
Лор дәрігер шұғыл түрде ота жасап, баланың мұрын сүйегін орнына салу арқылы жұтыншағының артқы жағын тығындаған. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарған, науқас ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

www.24.kz
10 сәуір 2019 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930