Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отшашу атпақшы болған азамат жансақтау бөлімінде

Отшашу атпақшы болған азамат жансақтау бөлімінде

Ақтөбеде дәл Жаңа жыл қарсаңында 30 жастағы азаматтың қолында отшашу жарылып, жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Диапазон
басылымына Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа жыл түні балконда отшашу атпақшы болған ақтөбелік азамат жансақтау бөліміне түсті

Ақтөбеде Жаңа жыл қарсаңында бірнеше адам отшашудың салдарынан жарақат алды. Жаңа жыл түні дәрігерлерге осы жағдаймен 15 қоңырау келіп түскен.
Дәрігерлердің айтуынша, түнгі 12-ні күтіп, Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін 21 минут өткен соң бірінші қоңырау келіп түсті. Жәбірленуші отшашу салдарынан жарақаттанған.
«Жедел жәрдем 9 минуттың ішінде жетті. Сөйтсе, 30 жастағы азамат отшашуды балконда атпақшы болғанда, петарда қолында жарылып кеткен. Отшашудың салдарынан жарақат алған жәбірленуші бірден облыстық жедел жәрдем ауруханасына жіберілді. Жағдайы ауыр. Оң қолының еті жырылып, саусақтары жарақаттанған. Сондай-ақ, жәбірленуші травматикалық шок алған », – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
02 қаңтар 2019 ж. 891 0