Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас жұлдыздар жарқыраған кеш

Жас жұлдыздар жарқыраған кеш

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы – жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Тәуелсіздік жылдарында көп жетістікке қол жеткіздік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұрынғыдан да үлес қосу үшін жас­тар белсенді болуы керек» дей келе, биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Шиелі ауданы «Жас­тар жылына» орай түрлі мерекелік шараларды өткізіп келеді. Солардың бірі – өткен аптаның жұма күні аудандық «Жас­тар рес­урстық орталығының» бас­тамасымен ұйымдастырылды.
Аталған шара «JasStar» атты ауданның жұлдызды жастарының қатысуымен М.Шоқай атындағы орталық алаңда өтті. Мерекелік концертте аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов сөз алып, аудан жастарын «Жас­тар жылымен» құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шығармашылық кеш барысында көрермен назарына «КТА Шиелі құрамасы» әзіл-қалжың ұсынса, заманауи билер мен құлақ құрышын қандырар әндер де көпшіліктің көңілінен шықты. Жастар тарапынан әсерлі поэзия да оқылды. Сонымен қатар көрермендер арасында әртүрлі ойындар ойнатылып, белсенділік танытқандарға сыйлықтар табыс етілді.

Фариза КЕНЖЕШОВА
17 қыркүйек 2019 ж. 723 0