Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Педагогтар қауымына үлкен қолдау

Педагогтар қауымына үлкен қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында мемлекет дамуының жаңа белестерін белгілеп,билік алдына жаңа міндеттерді айқындап,өзекті әлеуметтік мәселелерді күн тәртібіне қойды. Білім саласының қызметкері ретінде, әлеуметтік саладағы бағыттарда білім беруге ерекше назар аударылғаны қуантады. Атап айтқанда, мұғалімдер жалақысының алдағы төрт жылда екі есеге өсетіні педагогтар қауымына үлкен қолдау болып табылады. Сонымен бірге бұл Жолдау оқушылар қабілетін айқындап, оларға кәсіби бағыт-бағдар беруді сапалы жүзеге асыру қажеттігін көрсетіп берді. Өйткені, мектеп бітіруші түлектер мамандық таңдауда нарық сұранысын ескермесе, диплом алған соң олар жұмыссыздар қатарын толықтырады. Сондықтан Президент мамандар даярлаудың отандық жүйесін нақты еңбек нарығымен байланыстыру керектігін айтты.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсыруы Жолдаудың білімге қатысты тұсының тағы бір ерекшелігі болып табылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет пен әкімдер балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек дей отырып, әлеуметтік осал отбасындағы қабілетті балаларға мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру міндетін қойды.
Жолдауда көрініс тапқан барлық өзекті мәселелерді шешуге қаржылық кепілдер белгіленген, сондықтан бұл игілікті бастамалардың барлығы жүзеге асады деген сенімдемін.

Қ.Әмзеев,
№153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицей директоры
14 қыркүйек 2019 ж. 624 0

Соңғы жаңалықтар

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.
Ата басылымды  үзбей оқимын

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

Қызылша ауруынан сақтанайық!
11 желтоқсан 2023 ж. 67

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам