Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дені сау ұрпақ – ел қорғаны

Дені сау ұрпақ – ел қорғаны

Осы аптада Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде «Денсаулық сандарына қол жеткіз» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2019» атты акция болып өтті.
Шарада аталған колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бақтияр Дайрақұлов қатысушыларға сәттілік тілей отырып, денсаулық фестивалін ашып берді. Сонымен қатар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен Қ.Базарбек, Б.Әбсаттар өрт қауіпсіздігі туралы баяндама жасаса, аудандық полиция бөлімі инспекторы, полиция капитаны Н.Зермұхаметов жолда жүру ережелері туралы тілге тиек етті. Аудандық орталық ауруханасының тәжірибелі мамандары Ғ.Дүйсенбаев, Н.Әбуов, А.Әбілов дене қозғалысы, жүгіру, сергектік туралы тақырыпты кеңінен тарқатса, аудандық жастар денсаулығы орталығының маманы Л.Әшірова жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден жат болуға насихаттады.
Акцияға колледж қабырғасында білім алатын барлық білім алушылар, қызметкерлер түгел қатысып, белсенділік көрсетті. Олар өзара арқан тарту, жүгіру, гір тасын көтеру сияқты спорт түрінен бақ сынасты. Сайыс соңында ерекше көзге түскен жеңімпаздар анықталып, грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары да табыс етілді.

Фариза КЕНЖЕШОВА

14 қыркүйек 2019 ж. 1 027 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930