Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ - 2018

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ - 2018


Жексенбінің таңы бозарып атқаннан спорттық киімдерін үстіне іліп, «М.Шоқай» орталық алаңына жиналған аудан тұрғындары «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен «Денсаулық фестивалі - 2018» акциясына қатысты.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға, денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қолда бар ресурс­тарды ұтымды пайдалану шеңберінде өткен республикалық шараның ашылуына аудан әкімі Әшім Оразбекұлы қатысты. Бүгінгі таңда 6 спорт кешені бой көтеріп, ел игілігіне берілгенін тілге тиек еткен аудан басшысы тұрғындардың деніне саулық тіледі.
Акцияны ұйымдастырудағы мақсатты – салауатты өмір салтын ұстануға жұртшылықтың, бұқара халықтың назарын аудару болатын. «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен өткен акцияға келгендерге М.Шоқай орталық алаңында «Денсаулық» қалашығы ұйымдастырылып, арнайы дәрігер мамандардың кеңестерін алып, тегін диагностикалық тексерулерден өтті. Сонымен бірге, түрлі анализдер тапсырып, дәрігерлер тұрғындарға қызмет көрсетті. Айта кеткен жөн, республикалық шараның өту барысында аудан халқының қатысуымен «Денсаулық марафоны» ұйымдастырылды. Акция соңында жарыс жеңімпаздары облыстық жастар денсаулығы орталығы мен емхана медицина қызметкерлері кəсіподақ ұйымының алғыс хаты мен грамотасы жəне бағалы сыйлықпен марапатталды.

Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
11 қыркүйек 2018 ж. 2 734 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9248)

22 қазан 2024 ж.

№83 (9247)

18 қазан 2024 ж.

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031