ШИЕЛІДЕ «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ - 2018» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Шиелі ауданында «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен «Денсаулық фестивалі - 2018» акциясы өтті.
2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткен республикалық шараның ашылуына аудан әкімі Әшім Оразбекұлы қатысты.
Акцияның мақсаты - салауатты өмір салтын ұстануға жұртшылықтың, бұқара халықтың назарын аудару болып табылады. «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен өткен акцияға келген аудан тұрғындары «М.Шоқай» орталық алаңда «Денсаулық» қалашығы ұйымдастырылып, арнайы дәрігер мамандардың кеңестерін алып, тегін диагностикалық тексерулерден өтті. Сонымен бірге, түрлі анализдер тапсырып, тұрғындарға қызмет көрсетті.
Айта кеткен жөн, республикалық шараның өту барысында аудан тұрғындарының қатысуымен «Денсаулық марафоны» ұйымдастырылды.
Акция сонында жарыс жеңімпаздары облыстық жастар денсаулығы орталығы мен емхана медицина қызметкерлерінің кəсіподақ ұйымының алғыс хаттары мен грамоталары жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.