Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіптік білімнің көкжиегі

Кәсіптік білімнің көкжиегі

Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы халық арасында үлкен қолдауға ие болды. Сонымен қатар қоғам, мемлекет үшін өзектілігі – ел ішінде қызу талқыланды. Ал бүгінде Жолдауда атап көрсетілген әр бағыт бойынша нақты жоспарлар іске асырылып, әр сала өз деңгейінде жұмыс атқарып жатыр. тұңғыш президент аталған Жолдауында білім беру саласына ден қойды. Атап айтқанда, білім берудің жаңа сапасын негізге ала отырып, бірнеше бағыт бойынша тиімді ұсыныстарды жүзеге асыруды тапсырған болатын. Соның ішінде барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін әзірлеу, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажеттігі сияқты бірқатар мәселені қадап айтқан болатын.
Жастардың білімін жетілдіру үшін қажетті жағдай жасау туралы «Қазақстан – 2050» стратегиясында біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек. Біздің басты мақсат – 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін нақты мақсаттар жүктеді. Алдымен жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру қажеттігін басты міндет ретінде белгіледі. Ендеше бұл бағытта қандай іс-шаралар қолға алынып жатыр? Жетістігіміз қайсы, кемшілігіміз неде?
Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі кәсіби шыңдалған мамандар болғандықтан, оларды қазіргі заман талабына сай жан-жақты, білімді, өз бетімен ой ойлап, білуге талпынатын, өзіндік ой-тұжырымы бар, еңбек нарығына төтеп бере алатын тәжірибелі де білікті маман етіп тәрбиелеу үшін көп еңбек, сапалы білім, жаңа әдіс-тәсілдер керек. Осындай зор жауапкершіліктің үдесінен шығу үшін Шиелі индустриалды аграрлық колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Дайрақұлов биылғы оқу жылында «Тау-кен» бағыты бойынша жұмысшыларды даярлау мақсатында бірнеше мамандық қосылғанын айтты. Сондай-ақ ағымдағы жылы 215 грант бөлінсе, оның 125-і 9 сынып, 90-ы 11 сынып түлектеріне бұйырған.
– Кәсіптік білім берудегі жетістік ең алдымен білімнің сапасымен анықталатыны ақиқат. Сондықтан білім беруді инновациялау мен модернизациялау – экономикалық дамудың басты бағыты. Жоғарыда атап өткен «Қазақстан – 2050» стратегиясында колледж түлектеріне халықаралық үлгідегі куәліктер беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмаған. Бұл алдағы уақытта кәсіптік-техникалық білім ошақтарының әлеуеті артады дегенге саяды. Ал аудандағы Шиелі индустриалды-аграрлық колледж мамандарды сұранысқа қарай бейімдеу арқылы жұмыспен қамту мәселесін де ретке қойып отыр. Яғни «Гежуба-Шиелі» цемент зауыты, РУ-6 кен басқармасы, «Семізбай-U», «ГРЭ-23», «Қарамұрын», КРЭК Шиелі электр тораптарын тарату мекемелерімен тығыз байланыс орнатып, шәкірттерді сонда іс-тәжірибеден өтуге жібереді. Қарым-қабілеті мен білім-білігін көрсете білген ізденушіні жұмысқа алу жөнінде келісімшарт жасайтын сәттер де жиі кезігеді, – дейді Б.Дайрақұлов.
Ел экономикасына ерекше серпін беріп, еңбек нарығын еселейтін мамандарды кәсіптік-техникалық білім беретін оқу ошақтары тәрбиелеп шығатыны жасырын емес. Бүгінгі күнге дейін 18 мыңға жуық маманды түлеткен Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі Социалистік Еңбек Ерлері Ұлбала Алтайбаева­, Шырынкүл Қазанбаева, Заһира Ержанова, Жадыра Таспамбетова сынды батыр, еңбекқор апаларымыздың білім алған ұясы. Алғашында тек ауыл шаруашылық мамандарын даярлайтын училище болып ашылған оқу орны заман үдесінен шығарлық, жаңадан бой көтерген өндіріс орындарына қажетті мамандарды даярлауды қолға алуда. Білім саласы – күрделі процесс. Үнемі дамуды, жаңаша деңгейді талап етеді. Себебі, бүгінгі білім алған түлек – ертеңгі маман. Теориялық біліммен қаруланған жастардың еңбек майданында еркін көсілуі осы колледж қабырғасынан қаланады.

Гүлнәр
ӘБДІХАНИҚЫЗЫ
10 қыркүйек 2019 ж. 680 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930