Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нәрестеге көрімдік беру қалай пайда болды?

Нәрестеге көрімдік беру қалай пайда болды?

Қазақ халқында көнеден келе жатқан салт-дәстүр көп. Соның бірі жақсылық болса сүйінші сұрап, көрімдік талап ету. Осы орайда нәрестеге көрімдік беру дәстүрі қалай пайда болғанын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл жоралғы туралы «Салт-дәстүр сөйлейді» отбасы хрестоматиясы тың және қызықты ақпарат беріпті. 
ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð½ÓÑеÑÑе ÑÑÒандаМәуліт жырында пайғамбар дүниеге келгенде жеті қат көк пен қат жер, он сегіз мың ғалам оны көруге келеді. Бір-бірінен: «Пайғамбар дүниеге келді!» - деп сүйінші сұрайды. Бүкіл періштелер зияраттап оның үйіне келеді. Олар дүр гауһарлар мен әр түрлі сыйлықтар тарту етеді. Жаңа туған балаға:
  • Рахымның нұры келді!
  • Үмбеті көп болсын!
  • Үмбеті Тәңірінің досынан болсын!
  • Дені сау болсын! – деп дұға-тілектер айтады.
Мәуліт жырында жиі айтылатын бұл сюжет қазақ арасына тарап, пайғамбардың сүндетіне айналды. Жаңа туған нәрестеге көрімдік беру, құтты  болсын айтып сүйінші сұрау, тілек айту рәсімдері қазақ дәстүрінің бір бөлшегін құрапты.
«Өскен өңір» ақпарат
29 шілде 2019 ж. 3 640 0