Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 40-тан асып үйленген танымал әнші ұлды болды

40-тан асып үйленген танымал әнші ұлды болды



40-тас асқан шағында өзінен 20 жас кіші аруды жар еткен Сержанәлі Әлібек ұлды болды. Сүйінші жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
«Анаңа, Анаңа, Анаңа сосын Әкеңе жақсылық жаса деген хадистің бүгін куәсі болдым. Адамнан адам шығудың оңай емес екенін, қандай қиын екенін көзім көрді. Аналарымызды қадірлейікші достар. Алла берген Жан жарыма рахмет, бүгін біз үшін сөзбен жеткізе алмайтындай қуанышты күн. Аллаға сансыз шүкір мадақтар Алла біздің отбасымызға торсықтай ұл сыйлады. Сүйінші ағайындар сүйінші! Өз-өзіме сенбей отырмын Әке болғаныма Сіздердің де шаңырақтарыңызда теек қана жақсылық той болсын, жұғысты болсын! Қазақ елі көбейе берсін!»-дейді әнші.
 Reactor
08 тамыз 2018 ж. 6 362 0