Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жөн-жосықты білгеннің артығы жоқ

Жөн-жосықты білгеннің артығы жоқ

Халқымыз ежелден-ақ қай нәрсеге де аса ұқыптылықпан, ыждаһаттылықпен қараған. Салт-дәстүрімізден бөлек жөн-жосық деген дүние бар. Ол да салт-дәстүр секілді санамызға сіңіп кеткен десе де болады. Кез келген істің шешімі бар, тек жөн-жосығын білу керек. Сонымен, жөн-жосықты қаншалықты білеміз? Бірнешеуін тізіп көрелік. Түртіп алыңыз. 1. Үйге келген кісіге дәм ауыз тигізеді. Дәм қашанда достыққа, сыйластыққа шақырады. 2. Үйге келген адам шаруасын тұрып айтпайды, отырып асықпай жеткізеді. 3. Айыпкер айыбын төлеп, кешірім сұраса, қарсы тарап кешірім беруі тиіс. 4. Үйге келген кісіге "кімсің?" демейді, оны төрге шығарып, қонақасы береді. 5. Көшіп келген отбасыға жергілікті жұрт "ерулік" береді. 6. Тойға, қуанышқа құр қол бармай, сыйлығын ала бару ләзім. 7. Жасы кіші болса да әкесі үлкен адам жолы үлкен болып саналады. Салт-дәстүр бойынша жол, кезек соған беріледі. 8. Суық хабарды, қазаны тұспалдап жеткізеді. 9. Туған-туысқанына, еліне келгендер алдымен үлкен үйге түседі немесе үйдің үлкеніне сәлем береді. 10. Көрімдік, сүйінші сұрағандарды құр қол қайтармайды. Айттық сұрағандарға айттық беру міндет.

Massaget.kz
11 шілде 2018 ж. 1 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930