Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тектілік тамыры тереңде

Тектілік тамыры тереңде


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпыұлттық жобаға айналды бүгінде. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында гуманитарлық пәндер бойынша оқулықтардың тізімі жасалып, аударыла бастады. Елбасының осы мақаласы арқылы қазақ елі шынымен де рухани жаңғырып келеді десек қателеспейміз. Біріншіден, ұлттың өзінің ұлттық кодын, генетикалық жадысын сақтап қалу деген дүниеге барынша мән беруге міндеттіміз. Бұл өте маңызды. Өйткені, тамырынан үзілген бәйтерек жапырақ жаймайтыны сияқты негізгі дәстүріне, тамырына сүйенбеген халық та ұзақ сапарға шыдай алмайды.
Екіншіден, мақаладағы ең соңғы сөйлемге назар аударсақ. Ол сөйлемде өмір сүре білу үшін өзгере білу керек, өзгере білмеген халықтар тарихтың шаңында қалады деген. Президент «Туған жер» бағдарламасын жасап, туған ел ұғымына айналдыру мәселесін қойып отыр. Осының барлығы ұлттық модернизацияға серпін беретін болады. Мақалада көрсетілген бағытты негізгі нысанға ала отырып, барлығымыз ел дамуы жолында аянбай еңбек етуге міндеттіміз.
Елбасы бұл мақаланы дәл осы арада жолдағаны қазақстандықтар үшін өте қолайлы болды деп ойлаймын. Өйткені, батыстанудың ұшқыны бізді айналып өтпегені рас. Осы арада батыстанудың алдын алып, оған үлкен қорған бола білген осы мақала. Президент әсіресе, тарихқа, мәдениетке, салт-дәстүрге ерекше мән бергені көпшілікті қуантады. Себебі, әкеміздің таза қаны мен анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған осынау қазақылығымыздың ұлттық кодын біз тек осы тарих, мәдениет пен салт-дәстүр арқылы білеміз. Сондықтан да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын біз көпшілікке түсіндіре отырып, жастар бойындағы Отанға деген сезімді оята білсек, бұл – біз үшін үлкен жетістік болмақ.

Алтынкүл Қожамжарова,
аудандық статистика басқармасының
бас маманы.
27 наурыз 2018 ж. 1 414 0