Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕЦЕНАТТАР «ТУҒАН ЖЕРІНЕ» 51 МЛРД ТЕҢГЕ АУДАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕЦЕНАТТАР «ТУҒАН ЖЕРІНЕ» 51 МЛРД ТЕҢГЕ АУДАРДЫ


Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстарды қорытындылады.
«Сіздің «Рухани жаңғыру» бағдарламаңызда айтылған тапсырмаларыңыз экономиканы жаңғырту процестеріне маңызды идеологиялық қолдау көрсетіп отыр. Болашақ қазақстандықтарды тәрбиелеуде жаңа білім беру саясаты қалыптасып келеді», – деді Бақытжан Сағынтаев Президенттің қатысуымен өткен отырысында жасаған баяндамасында Бақытжан Сағынтаевтың айтуына қарағанда, мемлекеттік тілді латын әліпбиіне 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар жоспары дайындалған. «Жаңа гуманитарлық білім» жобасының аясында 800 атаудан тұратын оқулықтар тізімі әзірленіп, олардың ішінде әлемдегі ең озық 17 гуманитарлық бағыттағы кітаптар қазақ тіліне аударылған. «Туған жер» жобасы аясында елімізде 700-ден астам іс-шара атқарылып, тағы да 300-ден астамы іске асырылуда. Меценаттардың есебінен 51 млрд теңгеден астам демеушілік көмек алынды», – деп атап өтті Үкімет басшысы.   Сонымен бірге, «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша жалпыұлттық маңызы бар 183 және жергілікті маңызы бар 520 нысан анықталған. Біріккен Ұлттар Ұйымының 5 тіліне дубляждалатын 4 фильмді түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.   «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары анықталды. Олармен Сіз өткен жылдың желтоқсан айында кездестіңіз. Төл мәдениетіміздің озық үлгілерін шетелдерде таныстыру үшін Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық мәдениетіміздің ең үздік жетістіктері таңдап алынды», – деді Үкімет басшысы.
inform.kz
09 ақпан 2018 ж. 1 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930