Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰРСАҚ ШАШУ САЛТЫ

ҚҰРСАҚ ШАШУ САЛТЫ



Әмина анамыздың бойына бала біткенде Мұхамбет пайғамбардың нұры анасының жатырына ауысады. Нұрдың шапағынан Әмина анамыздың дидары нұрланып сала береді. Сыр-сымбаты бұрынғыдан да ажарланып, көркі кемелінен асыпты. Ел арасында «нұр дидарлы», «ең әдемі әйел — аяғы ауыр әйел», «жүкті әйелдің жүзінен нұр еседі» деген сөздер осыған орай айтылытты деседі. Әмина анамыздың нұр жамалына ынтық болған періштелер оны дидарына қарау үшін аспан әлемінен ағылып келеді екен. Ұлық Алла періштелерге:
- Дүниеге менің сүйікті досым келеді. Жәннаттың дүр гауһарлары мен інжу-маржандарын Әминаға шашыңдар. Шашулар оның жүрегіндегі мейіріммен махаббаттың шексіз қайнар көзін ашады. Әминаның қуанышына ортақ болған жандарға менін рахмет нұрым жауады. Аяғы ауыр келіншектің ниеттес жақындары неғұрлым көп болса, ұрпағының да адал достары соғұрлым көп болады, - дейді.
Бұны естіген періштелер, үрлер мен ғилмандар жарыса барып, пайғамбардың анасына шашу шашады. Пейішті жеміс-жидектерімен Әмина анамыздың жерігін басып, кәусар бұлағының суымен шөлін қандырады.
арасында қүрсақ шашу деген дәстүр осыған орай шықса керек. Әйелдің бойына бала біткенін естіген жұрт оның шаңырағына келіп, шашу шашып, ақ тілек айтатын болған. Көрші келіншектер мен ақжүрек құрбылары және тату абысындары онын жерігін басу үшін әр түрлі тәтті, дәмді асауқаттар пісіріп үйіне барады. Енелері «келінді ата-баба аруағы қолдап жүрсін» деп үйінің оң жақ керегесіне ақ орамал байлайды.
Құрсақ шашу дәстүрі «Алпамыс батыр» жырында да баяндалған. Байбөрі мен Аналық барлық әулиені қыдырып, етегін шеңгел сыдырып жүріп Қүдайдан бала тілейді. Бабатүкті Шашты Әзіз әулиенің басына түнеген түні тілегі қабыл болып, бәйбішенің құрсағына бала бітеді. Осы жаңалықты естіген ел-жұрты жиналып, құрсақ шашу шашады. Ақселеу Сейдімбекұлының шалқыма үлгісімен баяндаған «Алпамыс батыр» жырында:
«...Жақсы нышанды көздері көріп, көңілі орныққан ел-жұрты сол жерде құтты болсын айтысып, Байбөрінің төбедей ақ ордасының төріне жеткізе құрсақ шашу шашты», – деп суреттейді.
«Алпамыс батыр» жырының Сұлтанқұл Аққожаев жырлаған нұсқасында:
— Әр жерден халқы келді де, «Құтты болсын!» – деді де,
Курсақ шашу жеді де, 
Кайтадан халқы тараған”, – деген жыр жолдары бар.
Қазақстанның басым бөлігінде бұл дәстүр күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатыр. Махаббатпен, адал достықпен мағыналы өмір сүремін деген адамға бұл салт – таптырмайтын тәрбие құралы.
http://reactor.inform.kz/
26 наурыз 2019 ж. 3 150 0