Аминка Витаминка Nickelodeon жүлдесіне ұсынылды
Танымал қазақстандық блогер қыз Аминка Витаминка (Әмина Малғажар) Nickelodeon - Kids Choice Award 2019 балалар премиясы номинанттар тізіміне енді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қыз бала "Ресейлік телекөрермендерінің үздік жаңа видеоблогері" санатында ұсынылған. Әминаға Viki Show, Ева Миллер және Настя Тропицель сынды жас блогерлер бәсекелес болған.
Қыздың ата-анасы америкалық Nickelodeon телеарнасының Ресейдегі өкілдерінен қыздарының номинанттар тізіміне енгені туралы хат келгенін мәлімдеді.
"Біз бұл номинацияға өте қуаныштымыз - АҚШ-қа марапаттауға барғымыз келді, бірақ марапатты Мәскеудегі өкілдікке жіберетін көрінеді. Сондай-ақ, бізге Әминаның роликтердің бірін дыбыстайтыны туралы айтты", - деді қыздың анасы Арай Малғажар.
Ал қазақстандық қызға мына жерде дауыс беруге болады. Әминаға жету үшін, алдымен үш номинация бойынша дауыс беру керек. Сосын қыз бала ұсынылған категория пайда болады.
Kids Choice Award - бұл АҚШ-тың Nickelodeon танымал балалар телеарнасымен берілетін жыл сайынғы кинопремия. Kids Choice Award 2019 марапаттау рәсімі 27 наурызда Лост-Анджелесте өтеді. Әмина Малғажардың отбасы Мәскеуге 2018 жылы көшкенін айта кеткен жөн.
Әмина мен оның сіңлілері Адия мен Аружан Instagram-дағы қызықты шағын роликтердің (вайнам) арқасында Қазнетте танымал. 2015 жылдың тамыз айында олардың алғашқы вайндары пайда болды. Қазір Аминка Витаминканың Youtube каналында 2,9 миллион қолданушысы бар және Instagram желісіндегі парақшасына 1,1 миллион адам жазылған.
Ұсынған: Мақпал Сембай
«Қамшы» сілтейді
2
Ұнайды