Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бишілер жүлдемен оралды

Бишілер жүлдемен оралды


Бала – біздің болашағымыз. Ал, баланың бойындағы қабілетті байқап, оны әрмен қарай дамыту ұстаздың қолында. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген тәмсілді алға тартып, қазіргі таңда жеткіншектерді әртүрлі жарысқа қатыстыруға ештеңе кедергі емес. Ауыл-аймақты айтпағанда мұхиттың арғы жағына да талабы мен таланты ұштасқан өнерпазды үлкен сахнаға шығаруға болады. Осындай сайыстар арқылы өнерпаздар өзгелермен тәжірибе алмасып, кемшіліктерінің орнын толтырады. Қысқасын айтқанда, әртүрлі бағыттағы байқаулар қатысушылардың қанатын қатайтып, алға қадам басуына мүмкіндік жасайды.
Сондай жарыстардың бірі халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Бала шабыты» байқауы. Өнерпаз балаларға арналған би бәйгесінің басты мақсаты өнерлі балаларды қолдау. Аталмыш сайыста біздің жерлестеріміз де бақ сынап қайтты. Ауданның абыройын арқалап барған «Арман» мәдениет үйінің «Арман» би тобы «Теңіз жұлдыздары» биін биледі. Байқаудың нәтижесінде бишілер жүзден жүйрік болып ІІ орынды қанжығасына байлады.

«Өскен өңір» ақпарат.
18 маусым 2019 ж. 1 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930