Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ-БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ-БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ



БАЛА – баршамыздың бақытымыз. Болашағымыз. Бүгінгі тұлымшағы желбіреп, гүлдей жайнаған бүлдіршіндеріміз ертеңгі қасиетті даламызды гүлге бөлейтін еліміздің бір-бір тірегі, ата-бабамыздан қалған ұлан байтақ жеріміздің иесі.
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық мәдениет үйінде "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнін" мерекелеумен қатар "Нұр Отан - балаларға" Республикалық акциясы және партияның «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» жобасы аясында қайырымдылық және мерекелік шарасы өтті.
«1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған шарада «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы сөз алып, бүлдіршіндерді «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен» құттықтады.
«Нұр Отан – балаларға» Республикалық акциясы және партияның «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» жобасы аясында аудан әкімдігінің қолдауымен және кәсіпкерлердің қолдауымен талантты, өнерлі, білімді және мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың қарауындағы 100 оқушыға бағалы сыйлықтар табысталды.
Шара барысында балаларға арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды.
01 маусым 2018 ж. 3 025 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930