Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балқаш бишілері топ жарды

Балқаш бишілері топ жарды


Мереке қарсаңында Алматы қаласында халықаралық «Бала шабыты» фестивалі өтті. Өнер додасына ауданнан «Балқаш би орталығының» бишілері барып қатысып жүлдемен оралды. Байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Республиканың түкпір-түкпірінен келген 20 би ұжымы өзара сынға түсті.

Сайысқа «Балқаш би орталығынан» құралған «Жұлдыз» би тобы гимнастикалық «Фантазия» биін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды жеңіп, бишілердің өнері жоғары бағаланды. Ал, орта топтың бишілері «Шабытты сәт» биін шебер орындап, көзге түсті. Олар байқауда аталған биімен қазылар алқасын тәнті етіп, жүлделі ІІ орынды жеңді. Сайыста Қазақстан Республикасының спорт шебері С.Түсүпбекова қазылық жасады. «Фантазия» биін жас хореограф Ақбота Қансахаева алып шықса, «Шабытты сәт» биін тәжірибесі мол биші Балқаш Томаева дайындады.

Айнұр Назарова.
12 наурыз 2019 ж. 1 327 0