Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 5 млрд. теңгеден асты

Қызылордада медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 5 млрд. теңгеден асты


Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың мамыр айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін қызылордалықтар 279,7 млн. теңге аударды, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

 «2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Қорға 5,03 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі. Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 96,7 % немесе 4,9 млрд. теңгесін жұмыс берушілер, қалған 3,3 % немесе 167,5 млн. теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.
 
06 маусым 2019 ж. 1 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930