Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА 26,2 МЛРД. ТЕҢГЕ ТӨЛЕНДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА 26,2 МЛРД. ТЕҢГЕ ТӨЛЕНДІ


1 қазандағы мәлімет бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 26 млрд. 288 млн. теңге астам төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 72,3 пайызын құрайды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде Қызылорда облысының халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 36,3 млрд. теңгеден астам.
- Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Исмаханбетов.
Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 65 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 35-сі – жеке меншік. Олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе артып, 3,5 млрд. теңгені құрады.
11 қазан 2018 ж. 1 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930