Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС: Жұмыс берушілер 63,4 млрд теңге көлемінде төлем жасаған

МӘМС: Жұмыс берушілер 63,4 млрд теңге көлемінде төлем жасаған


Мамыр айында Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 8,5 млрд теңгеден асқан. Жалпы алғанда, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген медициналық сақтандыру жарнасының көлемі шамамен 71,9 млрд теңгені құрап отыр. Атап айтқанда, 63,4 млрд теңге (88,2% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған төлемдері болса, қалған 8,5 млрд теңге (11% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негізде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді. Астана қаласының тұрғындары соңғы 11 айда қорға 9 млрд теңгеге жуық жарна аударды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен сенімгерлік басқару келісімшартына отырған. МӘМС үшін түсетін барлық аударымдар мен жарналар ҚР Ұлттық банкіндегі Қордың шотында сақталады. Банк өз тарапынан сеніп тапсырылған қаражаттың сақталуын толықтай қамтамасыз етеді. Түскен қаражат МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

24.kz
05 маусым 2018 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930