МӘМС: ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Оны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы А.Рахымов жүргізді.
Маманның айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты аурухана қызметкерлері мына төмендегі жайтты білуі тиіс.
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР – ӨЗГЕРІССІЗ
Жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.
Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады
Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.
Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. Бірақ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%)
Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.
Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26-бабы 2,3 тармақтары).
Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар бір ЕТЖ (ең төменгі жалақының) 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.
I.2017 жылы жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?
Жалпы тәртіптегі жеке кәсіпкер – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 30-бабы 6-тармағына сәйкес, Жеке кәсіпкерлер 2017 жылы шілде-желтоқсан айлары үшін жарна аударады. Жарна келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленуі тиіс. Яғни, 2017 жылдың желтоқсаны үшін жарнаны 2018 жылдың қаңтарында төлеуге болады (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).
Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланатын Жеке кәсіпкерлер – 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін. Жеңілдетілген декларация ҚР салық органдарына салықтық есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен, ал, салықтар есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей өткізіледі. Сондықтан соңғы төлем 2018 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төленуі тиіс (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған) екендігі түсіндірілді.
Сондай-ақ жиында:
1.ҚР Президентінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауы: 7 міндетінде «Адами капитал – жаңғыру негізі»
2.2018 ж. ТМККК бойынша сатып алынған медициналық қызметтер.
3.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты заңдылықтардың өзгеруіне сәйкес ақпараттандыру.
4.Азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері жөнінде халықты ақпараттандыру, оның ішінде: ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алуға еркін таңдау құқығы және т.б. арқылы халықты ақпараттандыру
5.Мобильді қосымша: «МСҚ: Халықтық бақылау» («ФМС: Народный контроль») тақырыптары қамтылды.
Соңында аурухана қызметкерлері көкейдегі сұрақтарына тұщымды жауап алды.