Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БУЫНСЫЗ БАЛА

БУЫНСЫЗ БАЛА


Елішінде қайталанбас, ерекше қабілеті баржандар болады. Солардың бірі – дарынды өнерпаз Алданыш Қосымбекұлы. Ақтөбе ауылының тумасы қазіргі таңда Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақагро техникалық университетінде білім алуда. Алданыштың кішкентай кезінде-ақ, дене мүшелерінің аса иілгіш екенін ата-анасы байқағанымен өзі мектеп қабырғасында білім алып жүргенде біліпті. Қызық үшін ғаламтордан түрлі жаттығулар жасап көрген ол мол мүмкіндігі барын аңғарады. Өнерін алғаш тамашалаған сыныптастары мен ұстаздары. Денешынықтыру сабағында буындарын майыстырып, түрлі жаттығу жасап бәрінтаң қалдырады екен.
Бірнеше мәрте бүктеліп, қысқа толқынды пеш тәріздес жәшікке оп-оңай сыйып кете алатынына қазір астаналықтар тәнті болып жүр. Бүгінде шығармашылық қоржынында небір трюктар бар. Өмірге үлкен қауіп төндіретіні, оның ішінде жантүршгерлік трюктар болады. Мысалы, пышақжұтады, бойындағы өнерді пайдаланып, буындарды майыстырып сан түрлі өне ркөрсетеді.
Табиғат берген қабілет Алданышты үлкен өнердің жолына жетелейді. Былтыр циркке шақырту алыпты. Бірақ мемлекеттік грант арқылы түскен окуын бітіріп, мамандығын алғысы келеді. Содан кейін өнержолына түссемдейді. Алдағы уақытта сайыстарға қатысып, түрлі деңгейдегі концерттерде өнер көрсетуді армандайды.
– Менің дене мүшелерімнің иілгіштік қасиеті бойыма туа біткен. Сондықтан үнемі жаттығу жасап, дайындалудың қажеті жоқ. Жасамаймында. Халық алдына шығып импровизация жасағанды ұнатамын. Өнеріме тәнті болып жүрген жандардың ішінде маған келіп кеңес сұрап, үйретуді өтінетін жастарда бар. Шыны керек, қалтасы таяз студентпіз. Сабақтан қолым қалт етсе, күн көріс қамымен той-томалақтан қолым босамайды. Бір күнде бірнеше тойда өнер көрсетемін. Өнеріме деген сұраныс күн сайын артып келеді. Сол үшін жаңа, көпшілікті таңқалдыратын, тың трюктар ойлап табуға тырысамын, ізденемін, – дейді талап иесі.
Табиғи талант иесінің елішінен қолдау тапса бұл қарқыны бәсеңдемейді. Жерлесіміздің жетістігі көбейіп, өнері бағаланып, рекордтар кітабына еніп жатса үлкен мақтаныш емес пе?!
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА.
31 қаңтар 2018 ж. 1 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930